"Балалар мен жасөспірімдер" орталығында "Тәуелсіздік айбарым" атты аудандық патриоттық ән байқауы болып өтті. Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай өткізіліп отырған байқауға аудан әкімінің орынбасары П. Жаппарқұлов қатысып, үміткерлерге сәттіліктер тіледі. Бұл Қазақстандықтар үшін ұлы мереке. Мұндай іс шаралар еліміздің мерейін асқақтатып, өскелең ұрпаққа рухани шабыт берері сөзсіз.
Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерейтойын оқушылар арасында кеңінен насихаттап, оларды ұлтжандылыққа, отанды сүюге және өнерлі балалардың талантын ашу мақсатында ұйымдастырылған шара екі кезеңді қамтыды.
Байқаудың шарты бойынша патриоттық және еркін тақырыптағы әндер орындалып, көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Өнер байқауының соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы дипломдармен марапаттталды.
Тәуелсіздік - айбарым
- Толығырақ
- Автор: Super User
- Санат: JM-Sample-Data
- Қаралды: 65 рет