headerТәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, «Менің өз тарихыма қосқан үлесім» атты суретшілер мен қолөнер шеберлерінің көрмесі болып өтті. Көрменің мақсаты мектеп оқушыларының Отанды сүюге, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, әсемдікке, елінің мұрасын жалғастырушы азамат болуға тәрбиелеу.
Көрме ортасына қойылған көне Отырардың макетін қоршай орналасқан оқушылар келген қонақтарды әнмен қарсы алды. Көрмеге қатысушыларды құттықтаған аудан әкімі Ерлан Айтаханов:
- Қолөнер дегеніміз – кәсіптің бірі де, бірегейі. Ал, кәсіпкерлік – адам баласының тіршілік көзі.
Тәуелсіздікке қол жеткізген сәттен бастап өз елін жарқын болашаққа бастап келе жатқан Нұрсұлтан Назарбаев сынды ұлт көшбасшысы бар Қазақ елі аз уақыт ішінде бұрын-соңды болмаған табыстарға қол жеткізді. Елбасымыздың «Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен гөрі, оны ұстап тұру әлдеқайда қиын. Бұл - әлем кеңістігіндегі ғұмыр кешкен талай халықтың басынан өткен тарихи шындық. Біз өзгенің қателігінен сабақ алуымыз керек. Ол сабақтың түйіні біреу ғана - Мәңгілік ел болу. Бұл біздің өз қолымызда» деген осы сөздері әрбір саналы азаматтың жанын тербері сөзсіз.
Әрқашанда Тәуелсіз Қазақстанның таңы нұрлы болып, егемен елдің ұрпағының еңсесі биік, көкірегі ояу, керегесі кең, терезесі тең елде өмір сүрсін. Қазақстанға оңайлықпен келмеген Тәуелсіздікті қастерлей, қадірлей білейік! – деді аудан басшысы.
Көрмені мұқият аралап, әр шебердің туындысымен жете танысқан аудан әкімі көрме соңында жас шеберлердің жетекшілерімен пікір алмасты. – Өлкеміздің тарихы Арыстанбабпен, Отырар қалашығымен ғана бітпейді. Төңірегіміз тола тарих. 200-ге жуық бір кездері гүлденген қала болған, бүгіндері төбеге айналған тарихи насандарымыз бар. Солардың бірі әрі берегейі әлем таныған әл-Фарабидің кіндік қаны тамған Оқсыз қаласы. Сіздердің суреттеріңізден, өзге де туындыларыңыздан осылардың тарихы көрініс табуы тиіс. Ол үшін талмай іздену керек. Ұлы бабамыз Әбу Насыр әл-Фарабиден бөлек 30-ға тарта Фарабилер осы өлкенің даңқын арттырған. Олар ғылым мен өнердің әр саласында жаңалық ашып, ел құрметіне бөленген. Осы даналарымыз да терең зерттеуді, насихаттауды күтеді. Жиынды пайдаланып сіздерді осы бағытта жұмыс істеуге шақырамын, - деді Ерлан Қуанышұлы.