DSC 3521«Түркістан облысы әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2018 жылдың 27 қарашадағы №388 хатына сәйкес, 2018 жылдың 30 қарашада М.Шаханов атындағы жалпы  орта мектеп базасында химия, биология пәні мұғалімдерінің жұмысын жақсарту, кәсіби шеберлігін арттыру, оқушы білімінің сапасын көтеру, өзара тәжірибе алмасу жұмыстарын жетілдіру мақсатында «Білім мазмұнын жаңарту жағдайында химия, биология пәндерін оқыту ерекшеліктері» тақырыбындағы аймақтық тәжірибелік семинар өтті. 

Семинар барысында биология пәні бойынша 7«Ә» сыныпқа Қ.Мұңайтпасов атындағы жалпы орта мектептен С.Шалбаева «Фотосинтез үдерісіне қажетті жағдайлар», 8«Ә» сыныпқа  Жамбыл атындағы мектеп-лицейінен  А.Дәулетбай «Жануар жүрегінің құрылысы мен тамырлар жүйелерінің маңызы»  9«Ә» сыныпқа Ә.Байтанаев атындағы негізгі орта мектептен Р.Самурат «Тіркес тұқым қуалау» 8«А» М.Шаханов атындағы жалпы орта мектептен Э.Асанбекова «Жануар жүрегінің құрылысы мен тамырлар жүйелерінің маңызы» тақырыптарында ашық сабақтар өткізсе, С.Сейфуллин атындағы жалпы орта мектептен  Қ.Қасым мен С.Әлиев атындағы шағын жинақты жалпы орта мектептен С.Жанатаева мұғалімдер арасында «Нәтижелі оқытуды жоспарлау мақсатында «Блум таксономиясын» қолдану» тақырыбында коучинг өткізді.

Сонымен қатар, химия пәні бойынша 8«Ә» сыныпқа Ө.Жәнібеков атындағы №4 жалпы орта лицей-интернатынан М.Бұйрабай «Отынның жануы және энергияның бөлінуі»,  9«А» сыныпқа Т.Ибрагимов атындағы жалпы орта мектептен Ғ.Анарбай «Көміртектің маңызды қосылыстары», 10 сыныпқа Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта мектептен Р.Бекмұратова «Сандық есептер шығару», 7«А» сыныпқа М.Шаханов атындағы жалпы орта мектептен Г.Нысанбаева «Изотоптар» тақыптарында ашық сабақтар өтілсе, М.Әуезов атындағы жалпы орта мектептен Ш.Жусипова мен С.Ерубаев атындағы жалпы орта мектептен А.Қаныбекова мұғалімдер арасында «Жиынтық бағалауды құрастырудың ерекшеліктері» тақырыбында шебер сынып өткізді.