Абай атындағы жалпы орта мектебінде Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай аудандық "Абай оқулары" өтті. Дәстүрлі байқауға аудан әкімі Е.Айтаханов қатысып " Ұлы Абайдың шығармашылық мұрасы-халқымыздың ғасырлар бойы маңызын жоймайтын рухани қазынасы.Ұлы тұлғаның поэзия әлемінен алатын орны ерекше,сонымен қатар әсем әндері де баршамызға таныс.Осындай ұлт мақтанышына айналған дара тұлғаның тың дүниелерін дәріптеуден жалықпаңыздар"-дей келе байқауға қатысушыларға сәттілік тіледі. Үміткерлер Абай әндерін орындап, қара өлеңдерін жатқа айтып, ақын рухына арнау өлеңдерін оқыды. 32 мектептен жиналған 90-ға жуық өнерпаздардан оқ бойы озық тұрар жүйріктер шыңдалды. Дара тұлғаның шығармашылығы дәріптеліп, үміткерлерді арнайы қазылар алқасы бағалады. Жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін "Абай оқулары" жас дарындарды тәрбиелеп шығуда. Оқушылар шығармашылығын дамыту мақсатында осындай тәрбиелік шаралар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.
Абай оқулары
- Толығырақ
- Автор: Super User
- Санат: JM-Sample-Data
- Қаралды: 90 рет





