aidana otyrar bilim25.09.1986 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданы, Көксарай ауылында дүниеге келген.

2006-2010 ж..ж.  аралығында ШӘПУ, педагогика-психология мамандығын бітірген.

2011-2018 ж..ж. аралығында А.Дәрібаева атындағы орта мектебінің педагог психологы қызметін атқарған.

2018 жылдың 03 қыркүйегінен бастап, аудандық білім бөлімі, әдістемелік кабинеттің педагогика-психология саласының әдіскері қызметін уақытша атқаруда.

bolat otyrar bilim15.02.1974 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданы, Талапты ауылында дүниеге келген.

1992-2001 ж.ж. аралығында М.Әуезов атындағы университеттің дене шынықтыру мәдениеті және спорт мамандығын бітірген.

1995-2008 ж.ж. аралығында Отырар аудандық спорт мектебінде самбо күресінен аға жаттықтырушы болып қызмет атқарған.

2008 жылдың 15 қыркүйегінен бастап бүгінгі күнге дейін аудандық білім бөлімі, әдістемелік кабинеттің денешынықтыру және алғашқы әскери дайындық пәндерінің әдіскері қызметін атқаруда.

sergazy otyrar bilim13.02.1969 ж. Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданы, Арыс ауылында дүниеге келген. 

1986-1993 ж.ж. аралығында ШПИ жалпытехникалық пәндер факультетін бітірген. 2009-2011 ж.ж. аралығында Шымкент қаласындағы АИУ психолог-педагог факультетін бітірген.

1993 жылы Жамбыл атындағы мектеп-лицейдің мұғалімі болып қабылданып, психолог, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болып қызмет атқарған. 2011 жылдың ақпан айынан бастап бүгінгі күнге дейін аудандық білім бөлімі, әдістемелік кабинеттің технология, бейнелеу өнері пәндерінің әдіскері қызмет атқаруда.

roza otyrar bilim28.07.1962 жылы Ақтөбе облысы, Шалқар қаласында дүниеге келген.

1977-1981 ж.ж. аралығында Ақтөбе педагогикалық училищесін бітірген. 1982-1986 ж.ж. Шымкент педагогикалық институтын үздік дипломмен бітірген.

1981-1982 ж.ж. аралығында мектепте бастауыш сынып мұғалімі болып қызмет атқарса, 1986-1988 ж.ж. аралығында Ленгір ауданындағы «8 март» жалпы орта мектебінің мұғалімі қызметін атқарды.

1988 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін аудандық білім бөлімі, әдістемелік кабинеттің бастауыш сыныптары бойынша әдіскері қызметін атқаруда.

erlan otyrar bilim09.01.1979 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданы, Шеңгелді ауылында дүниеге келген.

1999-2003 ж.ж. аралығында Халықаралық Қазақ-Араб университетінің тарих және араб тілі мамандығын бітірген.

2003-2010 ж.ж. аралығында Ө.Жәнібеков атындағы №4 жалпы орта лицей-интернатында мұғалім, психолог, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, 2010-2014 ж.ж. аралығында Сарыкөл шағын жинақты негізгі орта мектебінде оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, 2014-2016 ж.ж. аралығында С.Ерубаев атындағы шағын жинақты жалпы орта мектебінің ғылыми істері жөніндегі орынбасары, 2016 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін аудандық білім бөлімі, әдістемелік кабинеттің қосымша біліммен қамту әдіскері қызметін атқаруда.