IQanat 1

«IQanat» олимпиадасының І (аудандық ) кезеңіне аудан бойынша 9 сыныптан 279 оқушы қатысты. Олимпиада Ергөбек негізгі орта мектеп пен А.Дәрібаев атындағы жалпы орта мектептің базасында өткізілді. Олимпиаданың ережесі бойынша оқушылар 4 (математика, физика, ағылшын тіл, эссе) пәннің кез-келген 2 немесе 1 пәнді таңдап өз бақтарын сынады. Олимпиаданың нәтижесі бойынша ІІ (облыстық) кезеңіне 85 оқушы іріктелініп алынды. Облыстық кезеңінде жоғары балл жинаған С.Әлиев атындағы шағын жинақты жалпы орта мектептен Тасжанова Таңшолпан Алмасқызы, Ғ.Мұратбаев атындағы шағын жинақты жалпы орта мектептен Ережеп Балнұр Ережепқызы, С.Әшіров атындағы жалпы орта мектептен Қожамұрат Аяулым Биболатқызы, Абай атындағы жалпы орта мектептен Абсаттар Мөлдір Мақсатқызы, Ө.Жәнібеков атындағы №4 жалпы орта лицей-интернатынан Асылханова Аяулым Жарқынбекқызы 2019 жылдың 1-5 шілде аралығында өткізілген ІІІ (республикалық) кезеңіне қатысып, сертификатталды.

 

 

 

 

 

IQanat 2 IQanat 3 IQanat 4 IQanat 5

IQanat 8 IQanat 9 IQanat 10